23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Falcons ресейлік киберспортшы Максим Лукинді қосып алды

Team Falcons ресейлік киберспортшы Максим Лукинді қосып алды

Team Falcons киберспорт ұйымы Counter-Strike 2 құрамына жаңа ойыншыны ресми түрде таныстырды — Team Spirit Academy командасынан Максим «kyousuke» Лукин ауысты.

Ресейлік киберспортшы негізгі құрамда Эмиль «Magisk» Рейфтің орнын алады — даниялық ойыншы трансфер жарияланғанға дейін қосалқы құрамға ауыстырылған болатын.

Лукиннің Team Falcons құрамына ауысуы туралы ақпарат сәуір айында пайда болған — инсайдерлер таяу шығыстық ұжымдағы алдағы өзгерістер туралы бірнеше рет хабарлаған.

Максим Лукиннің жаңа команда құрамындағы алғашқы ойыны 23 шілде мен 3 тамыз аралығында Германияда өтетін IEM Cologne 2025 турнирінде жоспарланған.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch