15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Falcons бапкері The International турнирін үш рет жеңген алғашқы маман атанды

Team Falcons бапкері The International турнирін үш рет жеңген алғашқы маман атанды

Team Falcons командасының бапкері Кёртис «Aui_2000» Линг Dota 2 тарихында бірегей жетістікке қол жеткізді — ол The International турнирін үш рет жеңген алғашқы маман атанды.

Рекордтық жетістікке жету жолы он жылға созылды — алғашқы атақты Линг Evil Geniuses ойыншысы ретінде жеңіп алса, екіншісін Tundra Esports жаттықтырушысы ретінде иеленді, ал енді Team Falcons командасын жеңіске жеткізді.

Германияда өткен The International 2025 турнирінің жүлде қоры командалық бандлдар сатылымынан құралған $2,6 млн құрады. Шешуші кездесуде Team Falcons Xtreme Gaming командасын 3:2 есебімен жеңді.