06.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тайтолеуов алдағы титулдық жекпе-жек туралы: «Нұрғалиге тосын сыйым бар»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Тайтолеуов алдағы титулдық жекпе-жек туралы: «Нұрғалиге тосын сыйым бар»

«Куба» лақап атымен танымал балқаштық жауынгер Бек Тайтолеуов Nomad Fighting 12 турнирінде 65 келі салмақтағы белбеу үшін күреседі. Оны қарсыласы «Абду Каххар» деген лақап аты бар алматылық Ұлан Нұрғали болмақ.

Титулдық жекпе-жек 8 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Маңызды шайқас алдында «Куба» Sport Pulse тілшісімен әңгімелесті.

– Чемпион атағы үшін күрес оңай шаруа емес. Енді міне соңғы қадам қалды. Осыған қанша уақыт жұмсалды?

– Белбеу үшін шайқасты үш жыл күттік. Қаншама тер төктік, қаншама жарақат алынды, енді титул үшін күресеміз.

– Дайындық қалай?

– Дайындық ойдағыдай, спарринг өткіздік. Қарсыласқа қарсы жақсы комбинациялар дайындап жатырмыз. Оған тосын сыйым бар.

– Қарсыластың артықшылықтары бар ма?

– Ұлан сәл бойшаңдау екен. Ештеңе етпейді, ұтамыз бұйырса.

– Мақсат пен жоспар қандай?

– Басты мақсат белбеуге қол жеткізу. Жеңіске жету үшін барымды саламын. Ал кейін 70 келіге ауысамын деп жоспарлап отырмын.

Бұған дейін Sport Pulse тілшісі Ұлан Нұрғалимен тілдескен еді.

Сурет: Instagram