04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тарихи жетістік: Рыбакина Уимблдонда Серена Уильямстың рекордын қайталады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тарихи жетістік: Рыбакина Уимблдонда Серена Уильямстың рекордын қайталады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ашық дәуіріндегі әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіс пайызы бойынша үздік төрттікке енді, деп хабарлайды OptaAce.

2025 жылғы турнирдің үшінші айналымына шыққаннан кейін Рыбакинаның жеңіс пайызы 87,5%-ға жетті. Бұл көрсеткішпен ол америкалық аңыз спортшы Серена Уильямспен теңесті. Бұл рейтингке Уимблдонның негізгі торына кемінде екі рет қатысқан теннисшілер ғана енеді.

Еленадан жоғары тек:

  • Энн Хейдон-Джонс — 92,3%
  • Штеффи Граф — 91,4%
  • Мартина Навратилова — 89,6%

Еске салайық, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Рыбакина биылғы турнирдің үшінші айналымында даниялық Клара Таусонмен кездеседі. Бұған дейінгі кезеңде ол грекиялық Мария Саккариді 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңді.