Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Танымал сарапшы Дастан Сәтбаевтың ойынына жоғары баға берді

 

«Челси» клубына маманданған X-платформасындағы танымал футбол сарапшысы Vince алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың ойынына егжей-тегжейлі талдау жасады.

Сарапшы Сәтбаевтың ерекше жекпе-жек статистикасына назар аударды — жас шабуылшы орта есеппен матч сайын 5,8 жекпе-жекке қатысады. Бұл көрсеткіш қазіргі «Челси» шабуылшыларынан да жоғары:

  • Николас Джексон — 3,0 жекпе-жек
  • Нето — 2,7 жекпе-жек

«Дастаннан байқаған алғашқы нәрсем — ол үнемі прессинг жасап, жекпе-жекке түседі. Жасына байланысты жиі жеңілгеніне қарамастан, оның табандылығы үміт береді. Ол нағыз алыпқа айналады», — деп жазды сарапшы.

Vince-тің айтуынша, Сәтбаев — шабуыл шебінде де, «оныншы нөмір» позициясында да ойнай алатын әмбебап ойыншы. Ол командалық жұмысқа белсенді араласуымен ерекшеленеді.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда «Қайрат» пен «Челси» Сәтбаевты ауыстыру туралы келісімге келген еді. Жас талант кәмелет жасына толған соң, келесі жылы жазда Лондон клубына қосылады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!