30.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері болды

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері болды

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың уақытша бас бапкері етіп тағайындады — kff.kz хабарлайды.

Маманның жетекшілігімен команда қазан айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейн және Солтүстік Македониямен екі матч өткізеді.

Талғат Маруанұлы Байсуфиновтың құрамамен жұмыс тәжірибесі бар — ол 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық команданы басқарған. Қазіргі уақытта маман Қазақстанның U-21 жастар құрамасы бапкерлерінің жетекшісі қызметін атқарады.

Футбол федерациясы үш шетелдік маманмен келіссөздердің соңғы кезеңінде — олардың бірі ұлттық команданың тұрақты бас бапкері болады.