12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Талғат Байсуфинов: «Көп нәрсе сәтті шықты, бірақ жұмыс әлі көп»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Талғат Байсуфинов: «Көп нәрсе сәтті шықты, бірақ жұмыс әлі көп»

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнге қарсы ірі жеңістен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Pulse.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата ұтып, екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Біз сегіз күн бойы дайындалдық. Әрине, төрт гол соғып, жоспарлаған нәрселердің көбін орындадық деп айтуға болады. Бірақ алда әлі көп жұмыс тұр. Кешке ойын жазбасын қарап, талдау жасаймыз және Македонияға қарсы матчқа дайындықты бастаймыз.
Біздің жаттығу әдісіміз ойыншыларға ұнады, мұны жанкүйерлер де байқаған шығар. Футболшылар тапсырмаларды дұрыс түсініп, допты бақылауда ұстады, комбинациялық ойында жақсы көрінді. Дегенмен, әлі де жетілдіретін тұстар бар», — деді Байсуфинов матчтан кейін.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі.