24.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Талдықорған клубы Александр Марочкинмен келіссөз бастап кетті

Талдықорған клубы Александр Марочкинмен келіссөз бастап кетті

Талдықорғанның Жетісу клубы бас бапкер қызметіне Қайрат Нұрдәулетов тағайындалғаннан кейін құрамды күшейту бағытында жұмыс бастап, қорғаушы Александр Марочкинмен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, бұрын ұлттық құрамада ойнаған футболшыны командаға шақыруға клуб директоры Марк Гурман жеке өзі мүдделі. Сонымен қатар қорғаушыға Қазақстан Премьер лигасындағы Қайсар мен Қызылжар да қызығушылық танытып отыр.

Осы маусымда Марочкин ел чемпионатында 14 матчқа қатысқан. Қорғаушы 35 жаста, ол өз мансабында «Иле Саулет», «Каспий», «Оқжетпес», «Қайсар», «Тобыл» және «Астана» клубтарының намысын қорғаған.

Александр Марочкин Қазақстан ұлттық құрамасында 52 ойын өткізген. Ол 2025 жылғы 26 наурызда Лихтенштейн құрамасына қарсы матчтан кейін ұлттық командадағы мансабын аяқтағанын жариялаған.