Оқу уақыты: 1 мин

Талдықорғанда байге додасы өтті: 32 миллион теңге жүлде сарапқа салынды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Талдықорғанда байге додасы өтті: 32 миллион теңге жүлде сарапқа салынды

Өткен демалыста Талдықорғанда байгеден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі – Olimpbet байгесі өтті. Аламан доданың жүлде қоры 32 миллион теңгеге жуық болды. Аптап ыстыққа қарамастан, жарыс қала ипподромына жанкүйерлер мен қонақтарды көптеп тартты.

Ұлттық спорт мерекесі тек бәйгемен шектелмей, музыкалық концерттер мен жүлделер ойнатылған ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты. Бірақ негізгі тартыс әрине жарыс жолында өтті.

Жүзден жүйрік шыққан сәйгүліктер иелеріне тек қомақты жүлде ғана емес, күзгі суперфиналға жолдама да алып берді. Енді үздіктер тізіміне көз жүгіртейік:

Күнан байге (7 км):

  • Айсултан (Алматы обл.) – Наездник: Айсултан Саматұлы
  • Истина (Алматы обл.) – Бейбарыс Торехан
  • Асыл Тас (Жетісу обл.) – Нұралы Айтқабыл

Топ байге (12 км):

  • Амарант (Павлодар обл.) – Ұлан Оралхан
  • Жел (Абай обл.) – Дарын Сайлауғазы
  • Ника (Жетісу обл.) – Темірлан Нұрашев

Аламан байге (18 км):

  • Белла (Жетісу обл.) – Алишер Тілек
  • Бақторы (Жамбыл обл.) – Айсултан Саматұлы
  • Шанқобыз (Алматы обл.) – Ансар Арыстанбек

Ұлы аламан байге (27 км):

  • Айбалта (Жамбыл обл.) – Мейір Дәулетбай
  • Френкель (Жетісу обл.) – Алишер Тілек
  • Ұлар (Жетісу обл.) – Танжарық Мұхамет

Үшқыр байге (5 км – жылдамдық бәйгесі):

  • Уэст Кост Найт (Алматы қ.) – Рамазан Күрішбек
  • Доллар (Алматы обл.) – Раян Тілеубай
  • Мұздалифа (ШҚО) – Хакимбек Қожақов

Чемпионаттың бұл кезеңі тек спорт емес, ұлттық рухтың көрінісі болды. Енді сәйгүліктер күзде өтетін суперфиналда бақ сынайды.