01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Таиландтағы турнирі: Төрехан Сабырхан чемпион атанды

Таиландтағы турнирі: Төрехан Сабырхан чемпион атанды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Төрехан былтыр қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді