29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Таиландтағы турнирде 12 боксшы жартылай финалда сынға түседі

Таиландтағы турнирде 12 боксшы жартылай финалда сынға түседі

Таиланд астанасы Бангкокта Thailand Open халықаралық турнирінің ширек финалдық жекпе жектері аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Ширек финалда ел құрамасынан 9 боксшы жеңіске жетті. Енді үшеуі жарысты жартылай финалдан бастайды.

60 келі. Виктория Графеева — Чи Зан (Сингапур) 5:0

70 келі. Наталья Богданова — Ньен Чен (Тайпей) 3:2

Ал Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) жарысты жартылай финалдан бастайды.

50 келі. Нұрзат Оңғаров — Юн Таегун (Оңтүстік Корея) 4:1

55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек — Мизогучи Сехуро (Жапония) 5:0

65 келі. Дулат Бекбауов — Мунарбек Сеиитбекуулу (Қырғызстан) 4:1

70 келі. Төрехан Сабырхан — Рональд Чавес (Филиппин) 5:0

80 келі. Диас Молжігітов — Роберт Мускита (Индонезия) 5:0

85 келі. Бекзат Таңатар 5- Джугно (Үндістан) 5:0

90 келі. Данияр Рахымбердиев — Евгений Павловский (Украина) 5:0