20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тагир Хабибтің командасынан болғанымен, Хабибтің өзі емес» — сарапшы Азат Мақсұмның мүмкіндіктерін бағалады

«Тагир Хабибтің командасынан болғанымен, Хабибтің өзі емес» — сарапшы Азат Мақсұмның мүмкіндіктерін бағалады

Әзірбайжан астанасы Бакуде алғаш рет UFC турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы экс-UFC чемпионы Джамахал Хилл (12-3) Халилл Раунтриге (13-6) қарсы октагонға шығады.

Сонымен қатар, қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм да осы кеште өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – дағыстандық Тагир Уланбеков (16-2). Айта кетейік, Уланбеков бұған дейін қазақстандық спортшылармен екі мәрте кездескен. Ол Fight Nights лигасында Асу Алмабаевты (21-3) жеңіп, Жалғас Жұмағұловтан (17-9) жеңіліс тапқан.

Белгілі ринг-анонсер әрі ММА сарапшысы Рауан Дулат Спорт Пульс сайтына берген сұхбатында Азаттың мүмкіндіктері туралы пікір білдірді:

«Азатқа барынша жанкүйер боламыз, онда барлық мүмкіндік бар. Тагир Уланбеков – Хабибтің командасынан, бірақ ол Хабибтің өзі емес. Оның командасындағы басқа жігіттер де жеңіліп жатыр. Егер екеуі жекпе-жекті тік тұрып өткізсе, Азаттың жеңіске мүмкіндігі жоғары. Себебі техникасы мен таймингі жақсы деңгейде. Тек Бекзат Алмахан секілді қарсыласын талдырып құлататындай күш жетіспей тұр.»

Айта кетейік, жекпе-жек ертең, жергілікті уақытпен 21:00-де басталады.