1/8 финалға шыға алмаған «Ювентуске» жаным ашиды – футбол блогері Жәрдем Ирғалиев
Чемпиондар лигасының 1/8 финалына іріктеу матчтары аяқталды. Ойындардың қортындысы бойынша, Мадриттік «Реал», «Фейеноорд», «Брюгге», «Бавария», «Бенфика», дортмундтық «Боруссия», «Пари Сен-Жермен» және ПСВ жалпы кезеңнен сүрінбей өткен сегіз командаға қосылды. Осылайша, турнирдің басты трофейі үшін күресті жалғастыратын 16 команда анықталды. Бұған дейін «Ливерпуль», «Барселона», «Арсенал», «Интер», мадридтік «Атлетико», леверкузендік «Байер», «Лилль» және «Астон Вилла» 1/8 финалға […]