ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының басшылығымен және командасымен кездесті
Кездесуге Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры және Лиганың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов та қатысты. Лиганың президенті Рохус Шох сөз сөйлеп, одан кейін қонақтар QJ League-ның екі жылдық қызметіндегі негізгі жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы бейнероликпен танысты. Блок жетекшілері өз сөздерінде командаларының атқарып жатқан жұмысы туралы айтып, спорттық-аналитика және медиа-маркетинг салаларындағы қызықты жобалар […]