Бейбарыс Оразов алғашқы голын соқты, бірақ «Барыс» жеңілді
«Барыстың» қорғаушысы Бейбарыс Оразов КХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, «Сібірге» қарсы ойындағы жеңіліс туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, команда сапардағы ойындардан кейін аздап шаршаған, бірақ барлығы дұрыс дайындалып, жақсы көңіл-күймен шыққан. «Барыс» ойынды сәтті бастап, есеп ашқанымен, кейін қателіктерге жол беріп, 2:3 есебімен жеңілді. Қазіргі таңда «Барыс» КХЛ-дың Шығыс конференциясында 35 ұпаймен соңғы, 12-орында тұр.