Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Табиғи алаң — жаңа сынақ» — «Елімай» жартылай қорғаушысы «Жетісуға» қарсы ойын алдында

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

26 сәуірде Қазақстан премьер-лигасының алтыншы туры аясында семейлік «Елімай» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуға» қарсы ойнайды.

Өткен турда Андрей Карповичтің шәкірттері астаналық «Жеңісті» минималды есеппен (0:1) жеңсе, «Жетісу» Түркістанда «Ордабасыға» дәл осындай есеппен есе жіберді.

ҚПЛ-ң турнирлік кестесінде 14 ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр, дегенмен алматылықтар өздерінің басты бәсекелестері — үш ұпай артта келе жатқан «Астана» мен «Тобылдан» бір ойын артық өткізген.

«Елімай» 10 ұпаймен бесінші орында тұр: үш жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс. Ал «Жетісу» әзірге жеңіс дәмін татып көрмеді — 11-орын, үш ұпай, үш тең ойын және екі жеңіліс.

«Елімайдың» жартылай қорғаушысы Жан Али Пайруз Sport Pulse порталына алдағы ойын туралы пікір айтты:

— Дайындық қызу жүріп жатыр, бұл маусымдағы алғашқы табиғи алаңдағы ойын болғандықтан, қиын матч болады деп күтеміз. Ойын оңай болмайтыны анық.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 26 сәуір

Басталуы: 17:00 (тікелей эфир — 16:55-тен)

Стадион: «Жетісу», Талдықорған

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!