25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сульшер Зайнутдиновқа сенім артпайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сульшер Зайнутдиновқа сенім артпайды

Түркиялық журналист Серджан Дикменің мәліметінше, «Бешикташтың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты команданың жоспарларына қоспаған.

«Зайнутдинов «Бешикташтан» кеткісі келмейді. Алайда бас бапкер Сульшер оған сенім артпай отыр. Сондықтан Бахтиер Еуропа лигасының іріктеу матчтарына арналған тізімге енген жоқ», — деді Дикме «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Зайнутдиновтың клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.