08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

SwizzY командасы Францияда Fortnite әлем чемпионатын жеңіп алды

SwizzY командасы Францияда Fortnite әлем чемпионатын жеңіп алды

Егор «SwizzY» Лучко, Алекса «Queasy» Цветкович және Андрейс «Merstach» Пиратовс құрамындағы команда FNCS 2025 Global Championship Fortnite турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Liquipedia.net.

12 жарыс ойынында команда 697 ұпай жинады — бұл нәтиже оларға бірінші орын мен $450 мың жүлде ақшасын әкелді.

Күміс жүлдегерлер Vanyak3kk, Pixie және MariusCOW үштігі $300 мың жүлде ақшасын иеленсе, қола жүлдені Japko, panzer және Setty командасы жеңіп алып, $225 мың алды.

Әлем чемпионаты 6-7 қыркүйекте Францияда өтті — турнирге 33 команда қатысып, екі миллион доллар жүлде қорын сарапқа салды.