10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шыға алмады

Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шыға алмады

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының финалдық кезеңдері басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалдық кездесуде Қытай командасына 4:14 есебімен жол берді.

Енді отандастарымыз турнирдің қола жүлдесі үшін сынға түседі. Келесі матчта олар, яғни ертең сағат 10:30-да (Астана уақытымен) Таиланд құрамасымен кездеседі.