18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сұлтанбек Астанов «Ордабасы» сапындағы 70-матчын өткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сұлтанбек Астанов «Ордабасы» сапындағы 70-матчын өткізді

26 жастағы қорғаушы Сұлтанбек Астанов Шымкенттің «Ордабасы» клубы үшін 70-ойынын өткізді. Мерейтойлы матч Премьер-лиганың 12-туры аясында «Елімайға» қарсы кездесу болды.

Астанов — «Ордабасының» түлегі. Алайда 2017 жылдан бастап ол «Қайрат» жүйесінде ойнады. Академиядан өтіп, 2019 жылы негізгі команда құрамында «Ақтөбеге» қарсы ойында дебют жасады. Бірнеше жылдан кейін туған клубына қайта оралып, 2023 жылғы маусымда шымкенттіктердің қорғанысын күшейтті.

2021 жылдан бастап Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүр. Құрама сапында бес матч өткізген.