06.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сұлтан Зауырбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сұлтан Зауырбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді

Астанада өткен бокс кешінде екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сұлтан Зауырбек Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилемен (18-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты.

Тартысты өткен 10 раундтық кездесуде Зауырбек қарсыласына қысым жасап, әр раунд сайын басымдықты арттыра түсті. Бесінші раундтан кейін тізгінді толық өз қолына алып, дәл және жойқын соққыларымен Фузилені қыспаққа алды.

Қорытынды есеп бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Сұлтан Зауырбек жеңіске жетті. Бұл — оның кәсіпқой мансабындағы 20-шы жеңісі. Сонымен қатар, ол осы кездесуде IBF Intercontinental чемпиондық белбеуін иеленді.