Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Суарес: «Месси әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр»

Championat.com хабарлағандай, «Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес командаласы Лионель Мессидің алдағы жоспарлары туралы мәлімдеді.

«Леоның келесі жылғы әлем чемпионатына қатысуға әлі де ниеті бар», — деді уругвайлық шабуылшы El Pais басылымына берген сұхбатында.

Аргентиналық жұлдыз америкалық клубқа 2023 жылы қосылған болатын. Осы уақыт ішінде Месси «Интер Майами» сапында 49 матч өткізіп, 42 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта оның клубпен жасасқан келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны — 20 миллион еуро.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!