30.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Стив Коттерилл 23 жылдан кейін туған клубына оралды

Стив Коттерилл 23 жылдан кейін туған клубына оралды

Стив Коттерилл «Челтнем Таун» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Маман 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.

61 жастағы бапкер үшін бұл туған қаласына оралу — ол 1997-2002 жылдар аралығында команданы басқарған болатын. Сол кезеңде Коттерилл клубты үш рет жоғары дивизионға көтеріп, ФА Трофейін жеңіп алған.

«Стив Коттерилдің бас бапкер қызметіне оралуын растауға қуаныштымын. Көпшілік мұндай ешқашан болмайды деп ойлаған, бірақ келіссөздерден кейін біз көз жеткіздік — қазір оның оралуына қолайлы уақыт», — деді клуб төрағасы Дэвид Блоксхэм.

«Челтнем» маусымдағы он ойынның біреуін ғана ұтып, турнир кестесінің соңғы орнында тұр. Уақытша бас бапкер міндетін атқарған Аарон Даунс қызметінен кетеді.

Коттерилдің соңғы жұмыс орны маусымда қалдырған «Форест Грин Роверс» болды. Маман өз мансабында сондай-ақ «Бернли», «Ноттингем Форест», «Портсмут» және басқа да ағылшын клубтарында жұмыс істеген.