01.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Стив Керр: «95% дәлдікпен ойнаған қарсыласты тоқтату мүмкін емес»

Стив Керр: «95% дәлдікпен ойнаған қарсыласты тоқтату мүмкін емес»

ClutchPoints мәліметінше, «Голден Стэйт Уорриорз» бас бапкері Стив Керр плей-офф сериясының бесінші матчындағы 116:131 есебімен болған жеңіліске қатысты пікір білдірді.

Алғашқы таймда «жауынгерлер» 49:76 есебімен ұтылып жатқан сәтте Керр негізгі құрамды алаңнан алып, қосалқы ойыншыларға мүмкіндік беруді жөн санады. Матч барысында команданың 14 ойыншысының әрқайсысы кемінде 10 минуттан ойын тәжірибесі алды.

«Қорғаныстағы әлсіздік шабуылымызға да әсер етті. Әр шабуылдан кейін допты өз себетіңнен алуға мәжбүр болсақ, ойын жүргізу өте қиын. Үзіліске дейін олардың лақтыру дәлдігі 95% болды — мен мұндайды бұрын-соңды көрмегенмін. Мұндай жағдайда жеңіске жету мүмкін емес», — деді Керр.

Соған қарамастан, серияда есеп 3:2 болып «Голден Стэйттің» пайдасына сақталып отыр. Енді командада қарсыласты өз алаңында қабылдап, серияны аяқтау мүмкіндігі бар.