07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Степан Санников «Арланға» оралуы мүмкін

Степан Санников «Арланға» оралуы мүмкін

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, үздік хоккейші Степан Санников «Арланға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Головой Об Лед телеграм арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, хоккейші Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін «ҚХЛ 3х3» лигасында да өнер көрсеткен болатын.

Өткен маусымда ол «Арлан» сапында 50 ойын өткізіп, 53 ұпай (20+33) жинап, чемпион атанды.