03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Стэнли кубогының екі дүркін иегері АҚШ жасөспірімдер лигасындағы клубты басқаратын болды

Стэнли кубогының екі дүркін иегері АҚШ жасөспірімдер лигасындағы клубты басқаратын болды

НХЛ-дің ресми сайтының хабарлауынша, Скотт Гомес АҚШ Хоккей лигасында (USHL) өнер көрсететін «Чикаго Стил» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

45 жастағы маман өткен маусымда Британ Колумбиясының тәуелсіз жасөспірімдер лигасындағы «Суррей» командасын басқарды — бұған дейін ол 2017 жылдан 2019 жылға дейін «Нью-Йорк Айлендерс» клубының бапкерлер штабында қызмет етті.

Гомес ойыншы мансабында НХЛ-де 1079 ойын өткізіп, 756 ұпай жинады — оның басты жетістігі «Нью-Джерси Девилз» құрамында Стэнли кубогын екі рет жеңіп алуы болды.