10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Алматыға әлемдік теннистің басты жұлдыздарының бірі Стефанос Циципастың келетіні ресми расталды.

Әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, Astana Open ATP 500 турнирінің финалисі – грекиялық теннисші Almaty Open ATP 250 жарысының титулы үшін сынға түседі.

Оның есебінде жекелей сында 12 ATP титулы бар.
Сондай-ақ Roland Garros (2021) және Australian Open (2023) турнирлерінде финалға дейін жеткен.
2019 жылы ATP Finals турнирінің жеңімпазы атанды.
АТР додаларында 300-ден астам жеңіске жеткен.

Стефанос Циципас:
«Мен Қазақстанға қайта оралатын сәтті асыға күтемін. Мұнда тамаша жағдай жасалған, жылы қарсы алады, жанкүйерлер де қызу қолдайды. Алматыда кездескенше!»