Оқу уақыты: 1 мин

Стеф Карри «Миннесотаға» қарсы ойында жарақат алды

Стеф Карри «Миннесотаға» қарсы ойында жарақат алды

«Голден Стэйт Уорриорз» қорғаушысы Стефен Карри санының артқы бетін созып алды, деп хабарлайды ESPN.

«Үзіліс кезінде онымен сөйлестім, әрине, ол көңіл-күйі түсіңкі. Команда жолдастары оның жүгін өз мойындарына алып, матчта жеңіске жетті. Стефті бәріміз уайымдап отырмыз, бірақ бұл ойынның бір бөлігі», — деді команданың бас бапкері Стив Керр.

Баскетболшының жағдайы күн сайын бағаланып отырады — ертең ойыншы МРТ тексерісінен өтеді. Негізгі ойыншысынан айырылғанына қарамастан, «Уорриорз» сырт алаңда «Миннесотаны» 99:88 есебімен жеңді.