24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Стас Покатилов «Сабахтың» маусымды жеңіспен бастауына көмектесті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Стас Покатилов «Сабахтың» маусымды жеңіспен бастауына көмектесті

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатының 2-турында «Сабах» сапында жаңа маусымын сәтті бастады. Қонақтағы матчта команда «Шамахыны» 2:1 есебімен жеңді.

Есеп 1-минутта-ақ ашылды — Джой-Ланс Микелс көзге түсті. 5-минутта Диого Балау таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 76-минутта тағы да Микелс соғып, дубль авторы атанды.

Покатилов негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді және командасының маңызды жеңісіне үлес қосты.

Айта кетейік, «Сабах» үшін бұл — маусымдағы алғашқы ойын. 1-турдағы «Қарабақпен» кездесу кейінге шегерілген болатын.