Оқу уақыты: 1 мин

Старченко әлем чемпионатында Қазақстанның алғашқы голын салды

Старченко әлем чемпионатында Қазақстанның алғашқы голын салды

Қазақстан құрамасы Хернингтегі әлем чемпионатында алғашқы шайбасын салды, деп хабарлайды Shaiba.kz. Тарихи жетістік Роман Старченконың еншісінде.

Тәжірибелі шабуылшы Норвегия құрамасына қарсы матчтың екінші кезеңінде есепті теңестірді — 1:1. Бұған дейін скандинавтар кездесу басында алға шыққан болатын.

Олег Болякиннің жетекшілігіндегі қазақстандық команда B тобында өнер көрсетуде, мұнда оның қарсыластары:

  • Чехия
  • Швейцария
  • АҚШ
  • Германия
  • Дания
  • Норвегия
  • Венгрия