27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Станислав Черчесовтың қанша өтемақы алатыны белгілі болды

1737975915

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін 500 мың еуро өтемақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz

Ресейлік инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы бапкермен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін оған 500 мың еуро көлемінде өтемақы төлейді.

Айта кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында тағайындалып, Қазақстан құрамасын 7 ай 24 күн жаттықтырды.