22.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Станислав Черчесовке ирандық клуб қызығушылық танытқан

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке ирандық «Персеполис» клубы қызығушылық танытқан екен. Алайда, оған қызмет ұсынуға әлі асығар емес. Бұл туралы Бірінші бол жазды.

Бұл туралы журналист Анар Ибрагимов өзінің Telegram-каналында жазған болатын. Артынша «Персеполистің» ресми өкілдігі бұл ақпаратты растады.

«Бұл маманға қызығушылықтың болғаны рас. Алайда, арнайы ұсыныспен ол кісіге шыққан жоқпыз», — делінген «Персеполистің» баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ирандық клуб 13 рет ел чемпионы атанған. Сондай-ақ, алты рет ел кубогінің иегері, бір рет Азия Чемпиондар лигасының чемпионы болған.

«Персеполистің» Черчесовке неліктен ұсыныс айтпағаны әзірге белгісіз. Ресейлік маман Қазақстан құрамасын былтыр жаздан бастап жаттықтыра бастаған. Содан бері ресми ойындардың ешбірінде жеңіске жете алмағаны өз алдына, ұлттық құрама бірде-бір гол соға алған жоқ.