15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спортинг» шабуылшысы «МЮ-ге» бас тартып, «Арсеналға» ауысқысы келеді

«Спортинг» шабуылшысы «МЮ-ге» бас тартып, «Арсеналға» ауысқысы келеді

The Times мәліметінше, «Спортингтің» шабуылшысы Виктор Дьокереш «Манчестер Юнайтедпен» келіссөздер барысында өз қалауын білдірді — мансабын Лондонның «Арсеналында» жалғастырғысы келеді.

«Зеңбіректілер» басшылығында трансферлік мақсат бойынша бірыңғай пікір әзірге жоқ — функционерлердің бір бөлігі швед шабуылшысын сатып алуды қолдаса, екінші топ «Лейпциг» шабуылшысы Беньямин Шешконы таңдауға бейім.