12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Спорт журналисі Қуат Хамитовтың басқа спорт түрлеріне шабуылын сынға алды

Спорт журналисі Қуат Хамитовтың басқа спорт түрлеріне шабуылын сынға алды

«Sport+» YouTube арнасының жүргізушісі Айбек Қабылша ММА файтері Қуат Хамитовқа қатысты сын айтты — оның басқа спорт түрлері туралы пікірлері спорт қауымдастығында теріс реакция тудырды.

Қуат Хамитовтың басқа спорт түрлерінің өкілдеріне қатысты сыны мен кедергісі — ерлік пен ер-азаматтық қасиет деген ұғымдарға нұқсан келтіреді. Сен UFC түгілі, Fight Night Global сияқты жарыстарда немесе ТМД көлеміндегі чемпионаттарда титулдарға қол жеткізе алмадың, — деді Қабылша.

Спорт журналисі жеңілістеріне қарамастан, әлемдегі ең беделді аралас жекпе-жек промоушені UFC-де өнер көрсеткен Жалғас Жұмағұловтың артықшылығын атап өтті.

Айта кету керек, Хамитов қазақстандық футболды үнемі сынға алып, кейбір спорт бағыттарын мемлекеттік қаржыландыруды тоқтатуға шақырып келеді.