Sport Pulse Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды. Тиісті меморандумға қол қойылған.
«Оқжетпес» — 1968 жылы негізі қаланған, тарихы бай клуб. 2024 жылы көкшетаулық команда бесінші рет Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, Қазақстан премьер-лигасына қайта оралды.

Sport Pulse сайты мен әлеуметтік желілерінен «Оқжетпес» ФК ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының эксклюзивті сұхбаттарын, сондай-ақ клуб туралы ең өзекті жаңалықтарды оқи аласыз.