03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спартактың» үздік мергені Ружичка КХЛ-дан кетуі мүмкін

«Спартактың» үздік мергені Ружичка КХЛ-дан кетуі мүмкін

Мәскеулік «Спартак» Адам Ружичкамен келіссөздерде қиындықтарға тап болуда — клуб пен 26 жастағы словак шабуылшысы жаңа келісімшарт бойынша келісімге келе алмай отыр, деп хабарлайды «Чемпионат».

Қызыл-ақтар шабуылшының негізгі жалақысын айтарлықтай көтеруге ниетті емес — өткен маусымда оның жалақысы 45 миллион рубльді құраған.

Сонымен қатар Ружичка өзін команданың негізгі ойыншысы ретінде көрсетті — шабуылшы КХЛ-дың тұрақты чемпионатында 65 ойында 26 рет мергендік танытып, сондай-ақ Гагарин Кубогының плей-оффында 12 кездесуде 7 гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.

Қазіргі жағдайға байланысты словак шабуылшысының КХЛ-дан кетіп, мансабын басқа лигада жалғастыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.