01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спартак» шабуылшы Антон Заболотныймен келісімшартқа отырды

«Спартак» шабуылшы Антон Заболотныймен келісімшартқа отырды

Мәскеулік «Спартак» Антон Заболотныймен келісімшартқа отырғанын жариялады — бұл туралы қызыл-ақ түстілердің ресми сайты хабарлайды. 34 жастағы шабуылшымен келісім бір маусымға жасалып, оның жалақысы 600 мың еуроны құрайды.

Өткен маусымда Заболотный Мәскеу облысының «Химки» командасының намысын қорғады — шабуылшы РПЛ-дағы 29 ойында алты гол соғып, бес голдық пас берді.

Ресей Премьер-лигасындағы мансабында тәжірибелі шабуылшы 199 кездесу өткізіп — 42 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді.