10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спартак» аңызы Зайнутдиновтың ауысуына қатысты пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Спартак» аңызы Зайнутдиновтың ауысуына қатысты пікір білдірді

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы капитаны Дмитрий Парфенов Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың қызыл-ақтар сапына ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, бұл трансфер екі тарапқа да тиімді болмақ.

– Егер Зайнутдинов «Спартакқа» ауысса, команданы күшейте ала ма? Меніңше, иә. Ол өз позициясында мықты бәсекелестік тудырады. Өткен маусым оңай болмағаны рас, бірақ Бақтиер бұрынғы деңгейіне қайта оралуға қауқарлы. Жасы да келіп тұр, ал жаңа орта оған пайдасын тигізуі мүмкін. Оның үстіне лига таныс – бейімделу үшін көп уақыт қажет емес, – деді Парфенов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін «Спартактың» Зайнутдиновке қызығушылық танытып, келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!