19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спаррингтерде шыдас беру»: бапкер Асу Алмабаевқа кеңес берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Спаррингтерде шыдас беру»: бапкер Асу Алмабаевқа кеңес берді

Белгілі жаттықтырушы Азиз Разыев Meta-ratings.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық файтер Асу Алмабаевқа UFC чемпионы атану үшін не қажет екенін айтты.

«Әрине, дайындықты қайта қарау керек сияқты. АҚШ-қа жарты жылға немесе бір жылға отбасымен бірге барып жаттыққаны дұрыс. Барлық мықты жеңіл салмақтағылар American Top Team-де дайындалады, оған да сонда бару керек. Ол жақта спаррингтерде шыдас беріп, нағыз бәсекені сезінеді. Бізде үйде жұлдыздарды алақанына салып, аясақ, құрметтесек, Батыста олар ешқандай авторитет емес, бәрі бірдей. Егер UFC чемпионы болғың келсе – мұхиттың арғы бетінде жаттығу керек», – деді Разыев.

Қазіргі уақытта қазақстандық Асу «Зульфикар» Алмабаев UFC-тің салмағы ең жеңіл дивизионы рейтингінде 9-орында тұр. Ол Азиз Разыевтің жетекшілігімен Naiza чемпионы атанып, кейін Дана Уайттың лигасында дебют жасаған болатын.