05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сорокин – «Интерге» қарсы матч алдында: барымызды саламыз

Сорокин – «Интерге» қарсы матч алдында: барымызды саламыз

«Қайрат» қорғаушысы Егор Сорокин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Интерге» қарсы өтетін Чемпиондар лигасының ойыны жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл қиын матч, біз барымызды саламыз. Үш нәрсе маңызды: сезіну, жұмыс жасау және команданың жетістігіне сену. Бұл команда менеджерінен бастап барлық ойыншыларға қатысты», – деді Сорокин.

«Интер» мен «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының матчы қарашаның 5-нен 6-на қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Алматылық команда үш матч өткізіп, бір ұпай жинады.