29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Соңғы жылдардағы Гагарин Кубогы жеңімпаздарының сыйақылары белгілі болды

Соңғы жылдардағы Гагарин Кубогы жеңімпаздарының сыйақылары белгілі болды

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, Континентальді хоккей лигасының басты трофейі — Гагарин Кубогын жеңгені үшін хоккейшілерге берілген сыйақы сомалары белгілі болды.

Ең жоғары сыйақыны ЦСКА ойыншылары алды — екі жыл бұрынғы чемпиондық үшін әскери клубтың әр хоккейшісіне 30 миллион рубльден төленді.

Биылғы маусымда трофейді жеңіп алған Локомотив хоккейшілері ең төменгі соманы алды — әр ойыншыға 10 миллион рубльден берілді.

Басқа чемпиондарға келетін болсақ, Авангард ойыншылары төрт жыл бұрын 23 миллион рубльден алса, Металлург хоккейшілері өткен маусымда 20 миллион рубльден алды. КХЛ регламенті чемпиондық сыйақы мөлшеріне шектеу қоймайтыны назар аударарлық.