10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Солтүстік Македония бапкерінің көмекшісі Қазақстанды жеңу тактикасын ашты

Солтүстік Македония бапкерінің көмекшісі Қазақстанды жеңу тактикасын ашты

Sportmanija.mk мәліметінше, Солтүстік Македония құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Роберт Стояновски ӘЧ-2026 іріктеу циклінің матчында Қазақстанды жеңгеннен кейін пікір білдірді.

Біз екі түрлі таймда ойнадық. Бельгиямен өткен өте қауырт матчтан кейін, біз екі таймды бірдей қарқынмен ойнай алмайтынымызды нақты білдік. Сондықтан үзілісте матч соңына дейін күш сақтау үшін біршама жабық ойнауға келістік

Қазақстандық футболшылар қақпа жақтауына үш рет дәл тигізгеніне қарамастан — Солтүстік Македония құрамасы 1:0 есебімен жеңісті ұстап қалды.

Біз жақсы ойнаған кезде әрдайым жеңе бермейміз. Мысалы, Бельгиямен, Уэльспен болған матчтарымыз. Шынында да, Қазақстан екінші таймда өте жақсы ойнады, бірақ біз ойынды бақылауда ұстадық. Біз олардың қауіптілігі қайдан келетінін нақты білдік және оны сол жерде бейтараптандырдық