Оқу уақыты: 1 мин

«Солфорд Сити» жаңа иелерге өтті — Бекхэм мен Невилл клубты басқарады

«Солфорд Сити» жаңа иелерге өтті — Бекхэм мен Невилл клубты басқарады

X-тегі ресми мәліметке сәйкес, Англияның төртінші дивизионында ойнайтын «Солфорд Сити» клубы жаңа акционерлік топтың басқаруына өтті. Клубтың басына Дэвид Бекхэм мен Гари Невилл келді.

Бұрынғы иесі Питер Лим жобадан өткен жылы шыққан. Қазіргі басшылық құрамда «Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншылары — Райан Гиггз, Пол Скоулз, Фил Невилл және Никки Батт бар. Олар клубтың әкімшілік және техникалық басқару міндеттерін атқарады.

Директорлар кеңесінің тең төрағалары болып америкалық инвестор Деклан Келли (The Consello Group) мен Ұлыбританияның экс-сауда министрі лорд Мервин Дэвис тағайындалды.

Жаңа акционерлер қатарында Dream Sports Group, Колин және Фрэнк Райан, Ник Вудхаус пен Шравин Миттал бар. Manchester Evening News дерегінше, мәміле құны шамамен 15 миллион фунт стерлингті құрайды.