15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Sold out: «Қайрат» — «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Sold out: «Қайрат» — «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті
Бүгін, 15 шілде күні, Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы жауапты матч өтеді.

«Қайрат» өз алаңында Словенияның «Олимпия» клубын қабылдайды. Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ойынның бас төрешісі — италиялық Маттео Маркетти. Осы орайда алматылық клуб өзінің әлеуметтік желісінде осы кездесуге билеттің толықтай сатылып кеткенін хабарлады.

Алғашқы ойын Люблянада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алматылық команда сапынан жалғыз голды Дастан Сатпаев соқты.

Бұл матчтың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның «КуПС» және Молдованың «Милсами» клубтарының арасындағы мықтысымен кездеседі.