27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Софья Самоделкина Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұр

Olympics.com хабарлауынша, Софья Самоделкина Бостондағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында сәтті дебют жасады. Спортшы қысқа бағдарламаны мінсіз орындап, 63,58 ұпай жинады.

Алты жаттығудың үшеуінен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бірінші орынды сенімді иеленіп отыр. Аралық нәтижелер келесідей:

  • Софья Самоделкина (Қазақстан) — 63,58
  • Ольга Микутина (Австрия) — 59,63
  • Александра Фейгин (Болгария) — 57,22
  • Мария Сенюк (Израиль) — 56,96
  • Линнеа Цедер (Финляндия) — 56,79
  • Кристен Спурс (Ұлыбритания) — 55,10

Медальдар үшін негізгі тартыс алтыншы жаттығуда күтілуде. Мұзға үш дүркін әлем чемпионы жапониялық Каори Сакамото мен 2024 жылғы Гран-при финалының жеңімпазы америкалық Эмбер Гленн шығады.