10.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде қысқа бағдарламада екінші орын алды

Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде қысқа бағдарламада екінші орын алды

Софья Самоделкина Массачусетс штатындағы Норвудте өткен ISU Cranberry Cup турнирінде сәтті өнер көрсетті — бұл оның Қазақстан құрамасы сапында жаңа маусымдағы алғашқы жарысы.

18 жастағы мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада сенімді өнер көрсетті — 65.80 ұпай нәтижесі оған екінші орынды әкелді. Көш басында америкалық Изабо Левито 70.69 ұпаймен көш бастаса, үздік үштікті оңтүстік кореялық Син Джиа 62.12 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, Софья Самоделкина — Қазақстан құрамасының салыстырмалы түрде жаңа толықтыруы. Спортшы екі жыл бұрын Ресей азаматтығынан Қазақстан азаматтығына ауысып, өткен жылы ресми мақұлдау алған болатын.