25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Софияда «Странджа кубогы» турнирі басталды: алғашқы күннің нәтижелері

Болгарияның София қаласында дәстүрлі «Странджа кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық боксшының екеуі ғана рингке шықты. Серік Теміржанов пен Торехан Сабырхан жекпе-жексіз келесі кезеңге өтті — олардың өзбекстандық қарсыластары, Абдумалик Халоков пен Асадхұжа Мұйдінхұжаев, турнирге қатысудан бас тартты.

57 келі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Молдашев алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Залимхан Сүлейменовтен 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал 67 келі салмақта сынға түскен Санатәлі Төлтаев Болгария өкілі Эмирджан Мехмедті 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, жарысты жалғастыруда.