21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Соболенко Рыбакинамен драмалық ойында төрт матчболды құтқарды

Соболенко Рыбакинамен драмалық ойында төрт матчболды құтқарды

Арина Соболенко Берлин турнирінің ширек финалында Елена Рыбакинамен драмалық кездесуде жеңіске жетті — матч 7:6(6), 3:6, 7:6(6) есебімен аяқталды.

Әлемнің бірінші ракеткасы шешуші сеттің тай-брейкінде ерекше төзімділік танытты — ол қарсыласының төрт матчболын құтқарып қалды.

«Елена керемет теннисші. Біздің ‘Үлкен дулыға’ турнирлерінің соңғы кезеңдерінде көптеген қиын кездесулеріміз болды. Ол таңғажайып ойыншы. Шынын айтсам, соңғы ұпайларды қалай ұтқанымды білмеймін — маған жай ғана сәті түсті деп ойлаймын», — деді Соболенко матчтан кейінгі сұхбатында.