03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Соболенко Чжэңнен жеңіп, Ролан Гаррос жартылай финалына шықты

Соболенко Чжэңнен жеңіп, Ролан Гаррос жартылай финалына шықты

Арина Соболенко Франция ашық чемпионатындағы сәтті өнерін жалғастыруда — беларусь теннисшісі турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Екі сағатқа созылған ширек финалдық кездесуде Соболенко қытайлық спортшы Циньвэнь Чжэңді 7:6(3), 6:3 есебімен жеңді. Бірінші партияда беларусь теннисшісі 2:4 есебімен ұтылып жатса да, ойын барысын өзгерте алды.

Соболенко үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлерінің он бірінші жартылай финалы және «Ролан Гарроста» екінші рет — алдыңғы онында бес рет жеңіске жеткен. Келесі матчта беларусь теннисшісі Ига ШвентекЭлина Свитолина жұбының жеңімпазымен кездеседі.