17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Соболенко Андреевамен реваншқа дайын

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Индиан-Уэллс турнирінің финалында 17 жастағы Мирра Андреевамен күтпеген жеңіліске ұшырады. Үш сетке созылған тартысты матч 6:2, 4:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Соболенко жеңілісі туралы ойын бөлісті:

«Иә-иә-иә! Мен қазірдің өзінде реванш алғым келеді. Мүмкін, ол қазір үлкен қателік жасады, бірақ бұл қалыпты жағдай. Мен оған осы керемет трофейдің ләззатын татуға мүмкіндік беремін. Жоқ, мен әзілдеп тұрмын. Мен бұлай айтқым келмейді. Бірақ, әрине, келесі матчта мен шығып, одан да қаттырақ күресемін. Және бүгінгідей қателік жасамауға тырысамын», –деді теннисші.

Бұл жеңіс Мирра Андреева үшін мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі болды, ал Соболенко болашақта қарымта қайтаруға ниетті екенін ашық айтты.